Еліміздің велошабандоздары Париж олимпиадасының үш жолдамасын иеленді

Редактор
17.10.2023, 15:45

Олимпиада 2024 жылдың жазында өтеді

olympic.kz

Қазақстан атлеттері шосседегі велоспорттың іріктеу кезеңінде Париж олимпиадасының үш жолдамасын иеленді. UCI ұлттық рейтингісінде 19-орында тұрған отандық велошабандоздар ерлер арасындағы олимпиадалық топтық жарысына екі жолдама еншілесе, жеке уақыт бойынша тағы бір жолдамаға қол жеткізді. 

Осыған дейін қазақстандықтар аталған спорт түрінен бір лицензия иеленген еді. Биылғы Азия чемпионатында Глеб Брусенский жеңімпаз атанған. Алайда, бұл жолдама UCI рейтингі бойынша іріктеуден өте алмаған басқа елге берілетін болады.

Жауапты сында Алексей Луценко, Евгений Федоров, Глеб Брусенский, Даниил Марухин, Антон Кузьмин, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич және Андрей Зейц өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді.

Материалда: