Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Әлішер Ерғали әлем чемпионатын сенсациялық жеңіліспен аяқтады

Редактор
13.09.2025, 15:30

Ол болгариялық Ален Хубуловқа есе жіберді

ҰОК

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Қазақстан балуаны, аса ауыр салмақтағы Әлішер Ерғали жарысты алғашқы айналымнан аяқтады.

125 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу кезеңінде ол болгариялық Ален Хубуловпен (Ресейден шыққан легионер) күш сынасты. Белдесудің алғашқы бөлігінде есеп тең түсті — 4:4. Дегенмен шешуші сәтте Хубулов орындаған әдіс төрешілер тарапынан 4 ұпаймен бағаланды. Қазақстан құрамасының бапкері бұл шешімге наразылық білдіргеніне қарамастан нәтиже өзгермеді.

Осы сәттен кейін есеп айырмасы ұлғайып, Ерғали қарсыласын қуып жете алмады. Нәтижесінде ол әлем чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтап, күтпеген жеңіліске тап болды.

Айта кетейік, Әлішер Ерғали — Токио Олимпиадасына қатысқан, Азия чемпионаттарының жүлдегері.

Күрестен әлем чемпионатында Қазақстан намысын 10 спортшы қорғап жатыр. Бұған дейін Азамат Дәулетбеков пен Асылжан Есенгелді сәтті өнер көрсетіп үлгерді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама