Жарнама
Жарнама

Әртістік жүзуден қазақстандықтар Азия чемпионы атанды

Редактор
04.10.2025, 19:14

Қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды

Спортты дамыту дирекциясы

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды.

Әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова мен Виктор Друзин өз сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

Әйелдер арасындағы нәтижелер:

  1. Карина Магрупова (Қазақстан) — 240.1600 ұпай

  2. Сабина Махмудова (Өзбекстан) — 222.1600

  3. Рачел Рае Зе Зин (Сингапур) — 197.8167

Ерлер арасындағы нәтижелер:

  1. Виктор Друзин (Қазақстан) — 228.1708 ұпай

  2. Ремма Фуручи (Жапония) — 206.8675

  3. Кантинан Адисайсирибутр (Тайланд) — 199.8666

Айта кетейік, Азия чемпионаты 10 қазанда өз мәресіне жетеді.

Реклама
Реклама

Материалда: