Жарнама
Жарнама

Алан Құрманғалиев Бейжіңде сенсация жасап, әлем чемпионын жеңді

Редактор
05.10.2025, 12:27

Қазақстандық енді жартылай финалда бақ сынайды

ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.

Жартылай финалға жолдама алу үшін өткен тартысты матчта Алан жекелей және жұптық сайыста жастар арасында әлем және Азия чемпионы Ли Хэченнен (Қытай) басым түсті.

Кездесу 4:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Реклама
Реклама