Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ана атанған Жансая Әбдімәлік шахматтағы мансабын тоқтата ма?

Редактор
15.10.2025, 18:01

Жансая Әбдімәлік: Шахмат менің өмірімнің бір бөлігі болып қала береді

әлеуметтік желі

Белгілі қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп, шахматқа қайта оралуға қатысты ойын бөлісті.

Әлеуметтік желіде жанкүйерлердің бірі одан «Қай уақытта шахматқа қайта ораласыз?» деп сұраған. Спортшы бұл сұраққа шынайы әрі салмақты жауап берді.

«Шахмат менің өмірімнің бір бөлігі болып қала береді. Бірақ қазір мен басқа маңызды кезеңде — отбасыммен, аналық жолымен және ішкі тепе-теңдігімді қалпына келтірумен айналысып жүрмін. Егер бір күні қайта оралғым келсе — ораламын. Ал егер оралғым келмесе, онда мен өзімді басқа да маңызды істерге арнаймын», — деп жазды ол.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама