Қазақстан қоржынында барлығы 4 медаль бар
Нысана көздеуден Каирде өтіп жатқан Әлем кубогінде отандасымыз Никита Чирюкин күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, қазақстандық спортшы 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хоға ғана жол берді. Никита Чирюкиннің еншісінде - 31, ал жеңімпазда 37 ұпай бар. Ал қола медаль иегері – германиялық Флориан Петер нысанаға 27 рет дәл тигізе алды.
Аталған жүлде Ұлттық құрама спортшыларының Египетте иеленген төртінші жүлдесі болып отыр. Рейтингтік Әлем кубогы сынында 66 мемлекеттен жиналған 678 сұрмерген 10 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.