«Жарақаты болды»: Абиба Әбужақынованың бапкері оның жеңілісінің себебін атады

Редактор
30.01.2024, 16:29

Отандық дзюдошылар енді Гранд-слэм турниріне дайындалады

instagram.com/kaz_judoteam

Өткен аптада Португалия Гран-приінде қола жүлдегер атанған Абиба Әбужақыноваға қатысты жеке бапкері пікір білдірді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Дюдодан еліміздің ерлер құрамасын жаттықтыратын Нұрбол Сүлейменов Olympic.kz тілшісіне берген сұхбатында жеке шәкірті Абиба Әбужақынованың Португалияда неліктен қола медаль алып қалғанын түсіндірді.

«Абиба былтыр осы турнирде топ жарып еді. Биыл қола медаль иеленді. Оның біраз уақыты жарақатын емдеуге кеткенін ескерсек, жаман нәтиже емес. Абиба көптен күреспеген соң жарыс ырғағынан шығып қалыпты. Соны байқадым. Бұлай болуы заңды да. Осыған дейінгі турнирлерде жарақатымен күресіп келген. Енді жағдайы реттелді. 

Тағы бір айта кетерлігі, олимпиадалық маусым болған соң, Гран-при турнирлеріне де әлемнің мықты спортшылары қатысуда. Өйткені, бәрі де Олимпиадаға ұпай алуды көздейді. Сондықтан, бұл маусымда Гран-при турниріне қатысушылардың құрамы өте мықты болады», - деді бапкер.

Сондай-ақ Нұрбол Сүлейменов Португалиядағы Гран-при турниріне қатысқан тәжірибелі балуандар Жансай Смағұлов пен Ислам Бозбаевқа да тоқталып өтті. Екеуі де жеңіліп, жүлдесіз қалған болатын.

«Жансай 31-де. Ислам 33 жаста. Екеуі де ұлттық құрамада он жылдан артық тер төгіп келеді. Дайындықтары да жақсы. Оларды қарсыластарының басым бөлігі танып алған. Бұл да әсер еткен шығар», - деді бас бапкер.

Биыл Қазақстан құрамасы алғашқы жарысты Португалиядағы турнирден бастаған болатын. Жарысқа барған 18 спортшысының тек біреуі ғана жүлдеге қол жеткізді.

Материалда: