Жарнама
Жарнама

Дзюдошы Кәмила Берліқаш сәбилі болғаннан кейін жаттығуға кірісті

Редактор
Бүгін, 17:48

Спортшы сәуір айының соңғы онкүндігінде дүниеге қыз баланы әкелген 

ҰОК

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қатысушысы Кәмила Берліқаш сәбиін босанғаннан кейін алғашқы жаттығуын бастады. Әйелдер арасында +78 келіде күресетін ұлттық құрама балуаны бұл туралы желіде бейнежазба жариялады.

«Жаттығу уақытымен! Жаттығуға осылай шетел болып барамыз», - деп жазды талдықорғандық балуан ару.

Естеріңізде болса, спортшы сәуір айының соңғы онкүндігінде дүниеге қыз баланы әкелген еді. Оның күйеуі Ислам Тоқтасын дзюдодан ерлер құрамасының мүшесі.

Кәмила Берліқаш Париж Олимпиадасына дейінгі циклда тиісті ұпай жинап, төртжылдықтың басты ойындарына жолдама алған болатын. Сондай-ақ, спортшы былтыр күзде Ташкентте әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, балуан Абу-Даби және Ұлан Батыр Гранд слэм турнирлерінің жүлдегері.

Айта кететін жайт, балуанның әзірге ұлттық құрама сапына қашан қосылатыны белгісіз.

Реклама
Реклама