Жарнама
Жарнама

Елдос Сметовке Абай облысының әкімі айрықша құрмет көрсетті

Редактор
10.11.2025, 15:40

Семейдегі ҚР чемпионатында Сметов құрметті қонақ ретінде шақырылған

Дзюдо федерациясы

Семейде дзюдодан басталған Қазақстан чемпионатына арнайы шақырылған Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке Абай облысының әкімі Берік Уәли құрмет көрсетті.

Ел біріншілігінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген әкім көпшілік алдында Сметовтің қолын көтеріп, ізет танытты. Сонымен бірге арнайы сөйлегенде де ерекше ілтипатын ашық байқатқан. Бұл туралы чемпионатты тамашалуға барған жанкүйерлер желіде жазба жариялады. Онда Олимпиадада чемпионының әкіммен бірге қатар жүргенін көруге болады.

Сондай-ақ, Елдос Сметов желіде жариялаған бейнежазбаларында жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевпен бірге жергілікті басшылармен бірге жүргені байқалды.

«Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Семейде өтіп жатқан ел чемпионатының ашылу салтанатынан үзінді. Абай облысының әкімімен бірге түскі ас», - деп жазды спортшы.

Айта кететін жайт, Семейдегі ҚР чемпионатында Сметов құрметті қонақ ретінде шақырылған. Ол өткен жылы Ақтөбеде өткен ел біріншілігіне де арнайы шақырылып, мәртебелі қонақ ретінде қатысқан-тын.

Бұған дейін спортшы өз сұхбаттарында татамиге ұзақ үзілістен кейін оралатынын айтқан еді. Оған балуанның Англияда ағылшын тілін үйренумен қатар, жарыс кезінде алған жарақаттарын емдеу үшін бір жылдан астам үзіліс керек екені айтылды. Болжам бойынша, енді ол 2026 жылдың басында құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Материалда: