Жарнама
Жарнама

Сметовтің салмағында жолы болмаған балуан Қырғызбаевқа қарсылас атанды

Редактор
11.11.2025, 15:39

Бауыржан Нарбаев жастар арасында Азия чемпионы атанып, әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болған

Дзюдо федерациясы

Дзюдодан ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада күресіп жүрген Бауыржан Нарбаев араға жеті жыл салып екінші рет ел чемпионы атанды. Белгілі балуан 2018 жылы 60 келіде чемпион болса, енді 66 келіде ҚР біріншілігінде үздік шығып отыр.

Бауыржан Нарбаев жастар арасында Азия чемпионы атанып, әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болған. Кейін ересектер сапына ауысқан соң халықаралық турнирде бірнеше мәрте жүлдегер атанды. Ол 2021 жылы ел чемпионатында 60 келіде күміс жүлдеге ие болса, былтыр Ақтөбеде алғаш рет 66 келіде күресіп қола медальға ие болды.

Осылайша Сметовтің салмағында жарқырай алмаған отандық татами шебері енді Қырғызбаевқа қарсылас атанып, Лос-Анджелес Олимпиадасына баруға барын салмақ.

Растамалған дерек бойынша, бұған дейін ұлттық құрама мүшесіне БАӘ атынан күресуге ұсыныс түскені туралы айтылған еді. Алайда Маңғыстау облысының тумасы бұған келісім бермей, ұлттық құрама атынан күресу туралы ойынан айнымаған.

Реклама
Реклама