Жақсылық Үшкемпіров есімі Алматы облысындағы спорт кешеніне берілмек

Редактор
01.02.2024, 17:43

Даңқты спортшы атында Астанада жекпе-жек сарайы бар

olympic.kz

Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Алматы облысындағы ауылды жерде ашылатын спорт кешеніне берілуі мүмкін.

Бұл туралы Алматы облыстық мәслихатының кезекті XV сессия отырысында ономастика саласы бойынша ұсыныстар кезінде айтылды.

«Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылында жаңадан ашылатын спорттық сауықтыру кешеніне беру мәселесі мәслихат сессиясының қарауына ұсынылады», - деді Данияр Есенболатұлы.

Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың жаз мезгілінде 69 жасында қайтыс болған еді. Кейін оның есімі Астанадағы жекпе-жек сарайына берілді.