Жарнама
Жарнама

Зарина Диас Australian Open турниріне жолдама алды

29.11.2025, 17:50

Бүгінде ол әлемдік рейтингте 283-орынға тұрақтаған

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Зарина Диас келесі жылы Аустралияда өтетін Үлкен дулыға турниріне қатысатын болды. Отандық спортшы бүгін Азия-Тынық мұхиты елдерінің теннисшілерге берілетін Wild Card турнирінде топ жарды.

2014 жылы Қазақстан өкілі әлем бойынша әйелдер арасындағы рейтингте отыздыққа жақындаған болатын. Бүгінде ол әлемдік рейтингте 283-орынға тұрақтаған. 

Зарина Диас аталған іріктеу бәсекесінде барлығы 4 ойын өткізді. 26 қараша күні қытайлық Яо Синьсиньмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал ширек финалда Қытайдың тағы бір теннисшісі Жанг Жунханды 2:0 есебімен қапы қалдырды. Жартылай финалда қытайлық Ши Ханды, финалда тайвандық Лян Эньшуоны еш мүмкіндік берместен жолда қалдырды.

Реклама
Реклама

Материалда: