Бұл нәтижеге оның Тунистегі табысты өнері себеп болды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасындағы жекелей және жұптық разрядтың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.
Жаңа тізімде қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ерекше серпіліс көрсетті. Ол 1100-орыннан бірден 859-орынға көтеріліп, 241 сатыға алға жылжыды. Бұл нәтижеге оның Тунисте өткен турнирдегі табысты өнері себеп болды.
Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық ойыншы Александр Шевченко да өз көрсеткішін жақсартып, 95-орынға көтерілді.
Елдің бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингтегі орнын сақтап, әлемнің 11-ші теннисшісі ретінде қалды.
Әлемдік рейтингтің көшін әлі де испандық Карлос Алькарас бастап тұр. Екінші орында — италиялық Янник Синнер, ал топ-үшті германиялық Александр Зверев түйіндейді.