Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде Олимпиада чемпионын жеңді

Редактор
Бүгін, 11:18
Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан World Tennis Continental Cup турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичті (11) жеңді.

Матч екі сетке созылып, қазақстандық спортшы 6:3, 6:4 есебін тіркеді. 

Бұл – Рыбакинаның 2025 жылы жекелей сындағы соңғы кездесуі. Отандасымыз аталған турнирде жұптық сында да бақ сынайды. Ресейлік Андрей Рублевпен бірге ол монаколық Валантен Вашеро және поляк Ига Швентектің жұбына қарсы кортқа шықпақ.

Айта кетейік, Белинда Бенчич 2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы. Сондай-ақ, ол осы жарыста жұптық сында жүлдегер атанған.

Реклама
Реклама