Жаңа маусым келесі аптада Австралияда басталады
Теннисшілер қазір Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жаңа маусымға дайындық аясында Бейбіт Жұқаев 24 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы, аты аңызға айналған Новак Джоковичпен бірге жаттығуда.
Жыл сайынғы Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастыратын жиынға Жұқаевпен қатар ұлттық құраманың өзге өкілдері – Юлия Путинцева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Денис Евсеев те қатысып отыр.
Жаңа маусым келесі аптада Австралияда басталады. Ал жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Australian Open 18 қаңтарда жалауын көтереді.