Жібек Құламбаева Мумбаидағы теннис турнирін жеңіспен бастады

Редактор
06.02.2024, 10:46

Ол жұптық сында өнер көрсетуде

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жас теннисші Жібек Құламбаева оңтүстіккореялық Пак Сохёнмен жұп құрып, Мумбаи қаласындағы теннис турнирінде өнер көрсетіп жатыр.

Турнирдің 1/8 финалында Құламбаеваның жұбы италиялық теннисшілер Анжелика Морателли мен Камилла Розателло жұбын 7:6, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кету керек. Морателли/Розателло жұбы аталған турнирдің басты фавориттері саналған. 

Енді Құламбаева мен Пак Сохён ширек финалға дайындалып жатыр. Олар Кудерметова/Ламенс – Грамматикопулу/Семянистая жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Теннистен әлемдегі ең ірі жарыстардың, соның ішінде Үлкен дулыға турнирлерін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі. http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i