Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина маусымды сәтсіз бастап, алғашқы турнирде жеңілді

Редактор
09.01.2026, 10:02

Отандасымыз ширек финалда чехиялық Каролина Муховаға есе жіберді

Getty Images

Теннистен әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңіліп қалды.

Отандық теннис шебері бүгін таңертең ширек финалда чехиялық Каролина Муховадан күтпеген жерден үш сетте осалдық танытты. Әлемдік рейтингте 20-орында тұрған атлет Рыбакинаны 2:6, 6:2, 4:6 нәтижелерімен қапы қалдырды.

Брисбен турнирінің ширек финалына шыққаны үшін Елена Рыбакина 37 640 АҚШ доллары (19 миллион теңге) көлемінде қаржыға ие болып, рейтингте 108 ұпай иеленді.

Ал Каролина Мухова шамамен 77 115 доллар (39 миллион теңге) және рейтингтік 195 ұпайға қол жеткізді.

Брисбенде өтіп жатқан маңызды турнир 11 қаңтарға дейін жалғасады. Жарыста топ жарған теннисші 214 530 доллар (110 миллион теңге) мен рейтингтік 500 ұпай иеленеді.

Реклама
Реклама