Жарнама
Жарнама

Александр Бублик ATP 250 турнирінің жартылай финалына өтті

Редактор
09.01.2026, 17:40

Ол қытайлық қарсыласын жеңді. 

ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Бублик ширек финалда Қытай өкілі Шан Цзюньчэнді (ATP №406) сенімді түрде жеңді – 6:1, 7:6 (7:2).

Матч 1 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында қазақстандық теннисші 15 эйс жасаса, ал қарсыласы үш эйс орындаған.

Жартылай финалда Александр Бублик Маркос Гирон (АҚШ, ATP №64) мен Майкл Ммо (АҚШ, ATP №285) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Бублик Гонконгтағы жарысты екінші айналымнан бастады. Бұған оның турнирде екінші нөмірлі болып тіркелуі себеп болды. Ширек финалға шығар жолда ол нидерландтық Ботик ван де Зандсхулпты (ATP №75) екі сетте жеңген – 6:3, 6:3.

Реклама
Реклама