Турнирдің жүлде қоры 1,2 млн долларды құрайды
Қазақстанның екінші әлемнің 74-ші ракеткасы Юлия Путинцева Аустралияның Аделаида қаласында басталған WTA 500 турнирінің іріктеуін сәтті бастады. Бірінші айналымда отандасымыз жергілікті 15 жастағы теннисші Тори Расселмен кездесіп, 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Кездесу небәрі бір сағатқа созылды. Аустралиялық жасөспірім теннисші бірінші сетте тәжірибелі Пцтинцеваға тегеурінді қарсылық көрсеткенімен, екінші сетте күші сарқылды.
Енді қазақстандық спортшы турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін Мария Боузкова (№46) – Александра Крунич (№467) кездесуінің жеңімпазымен кортқа шығады.
Айта кетейік, Юлия Путинцева былтыр дәл осы турнирдің жартылай финалына дейін жеткен болатын. Биыл турнирдің жүлде қоры 1,2 миллион АҚШ долларын құрап отыр.