Қазақстандық теннисші Australian Open-де ойсырай жеңілді

Редактор
25.01.2026, 10:38

Путинцева жарысты 1/8 финалда аяқтады.

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (WTA №94) Australian Open турнирінің төртінші айналымында жеңіліп қалды. Ол бұл кезеңде 18 жастағы америкалық теннисші Ива Йовичтен (№27) ірі есеппен жеңілді – 6:0, 6:1.

31 жастағы Юлия мен Ива кортта алғаш рет кездесті. Нәтижесінде америкалық спортшы сенімді түрде жеңіске жетіп, мансабында тұңғыш рет «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына жолдама алды. 

Айта кетейік, Ива Йович бұған дейін жасөспірімдер арасында әлемнің екінші ракеткасыатанып, қазіргі таңда жаңа буынның ең дарынды теннисшілерінің бірі ретінде бағаланып жүр.

Ал Юлия Путинцева үшін бұл Australian Open-тегі ең сәтті көрсеткіш болды. Ол 1/8 финалға шыққаны үшін 480 мың аустралиялық доллар (шамамен 165,8 миллион теңге) көлемінде сыйақы иеленді. Сонымен қатар қазақстандық теннисші WTA рейтингінде бірнеше саты жоғарылап, үздік 70 ойыншының қатарына жақындай түсті.

Реклама
Реклама