Australian Open: отандық теннисші сенсация жасап, бір күнде екі кездесуде жеңіске жетті

Редактор
25.01.2026, 14:12

Данилина араға үш сағат салып тағы кортқа шықты.

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Анна Данилина (әйелдер арасында жұптық сында WTA рейтингінде №14) Australian Open турнирінің аралас жұп (микст) санатында екінші айналымға шықты.

Мельбурн кортында Данилина америкалық Джей Джей Трейсимен (№28) бірге алғашқы айналымда Ұлыбритания өкілдері - Оливия Николлс (№26) және Генри Паттен (№3) жұбымен кездесті. Бұл кездесуде британиялықтар фаворит саналғанымен, қазақстандық-америкалық дуэт сенімді ойын өрнегін көрсетіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

30 жастағы Данилина мен 23 жастағы Трейсидің келесі кезеңдегі қарсыластары - канадалық-аустралиялық жұп Лейла Фернандес (жекелей сында №23, жұпта №68) пен Ник Кирьос (жекелей сында бұрынғы №13 ракетка). Бұл дуэт турнирге ұйымдастырушылар берген Wild Cardарқылы қатысып отыр.

Айта кетейік, осыдан бірнеше сағат бұрын Анна Данилина әйелдер арасында жұптық сында да табысты өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алған еді. Осылайша қазақстандық теннисші бір күнде екі рет жеңіске жетті.

Реклама
Реклама