ұламбаева матч барысында айқын басымдық танытып, екі сетте де жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 турнирінде топ жарды.
Әлемдік рейтингте 419-орында тұрған қазақстандық спортшы жекелей сындағы финалда үндістандық Сонал Патил (1159-орын) қарсы ойнады. Құламбаева матч барысында айқын басымдық танытып, екі сетте де жеңіске жетті – 6:1, 6:3.
Осылайша, Жібек Құламбаева турнирдің абсолютті чемпионы атанды. Бұған дейін ол ресейлік Екатерина Яшина жұп құрып, жұптық сында да жеңіске жеткен еді.