Аталған турнирге Елена Рыбакина қатысып жатқан жоқ
Чарльстонда (АҚШ) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жұптық сынында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева сәтті өнер көрсеріп жатыр.
Италиялық Элизабетта Коччиареттомен жұп құрған қазақстандық теннисші ширек финалда Екатерина Горгодзе (Грузия)/Рената Сарасуа (Мексика) жұбын жеңіп кетті, есеп – 3:6, 7:5, 10:7. Матч 1 сағат 42 минутқа созылды.
Осылайша Путинцева мен Коччиаретто турнирдің жартылай финалына жолдама алып отыр. Финалға өту үшін олар америкалық жұп Дезире Кравчик пен Кэти Макналлиді жеңуі керек.
Еске салайық, Юлия Путинцева жекелей сында наурыз айында Майами турниріне қатысып, алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді. Ол кезде Юлия өзге қазақстандық Елена Рыбакинаға жол берген.