Елена Рыбакина Катар турнирінде орыс теннисшісін ойсырата жеңіп, финалға шықты

Редактор
16.02.2024, 22:14

Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды

WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде ресейлік теннисші Анастасия Павлюченкованы жеңіп, жарыс финалына шықты.

Айта кетейік, Рыбакина WTA рейтингінде төртінші орын тұрса, Павлюченкова 32-сатыда.

Матч 1 сағат 29 минутқа созылды. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші 6:2, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен өзара мықтыны анықтайды. Ол жартылай финалда чех Каролина Плишковамен ойнауы керек болған. Алайда, қарсыласы кортқа шықпай қойды.

Теннистен әлемдегі ең ірі жарыстардың, соның ішінде Үлкен дулыға турнирлерін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі. http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i