Елена Рыбакина Катар турнирінің финалында жеңіліп қалды

Редактор
17.02.2024, 22:41

Ол жыл басталғалы төрт турнирге қатысып үлгерді

WTA

Катар астанасын Дохада өткен WTA 1000 турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина финалда жеңіліп, екінші орын алды.

Жерлесіміз ақтық сында әлемнің бірінгі ракеткасы – поляк қызы Ига Швентекпен кездескен болатын. Бірінші сет аса тартысты өтіп, польшалық теннисші 7:6 есебімен жеңді. Ал, екінші сетте Рыбакина қарсыласына айтарлықтай қауқар көрсете алмады және 6:2 есебімен ойсырай жеңілді.

Матч 2 сағат 15 минутқа созылды. 

Айта кету керек, қос теннисші өзара алты рет кездесіп, оның төртеуінде Рыбакина жеңіске жеткен. Оның бірі 2023 жылғы Australian Open турнирінде болды.

Ал, Швентек болса Доха турнирін осымен үшінші рет жеңіп отыр. Рыбакина болса жыл басталғалы төрт турнирге қатысып оның екеуінде бірінші орын, біреуінде екінші орын иеленді.