Отандасымыз жұптық сында 40 000 АҚШ доллар табыс тапты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 395-орын) ресейлік Екатерина Рейнгольдпен (328-орын) жұптасып, Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 турнирінің жұптық сынында чемпион атанды.
Финалда Құламбаева мен Рейнгольд қытайлық Чэнги Юань мен италиялық Дилетта Черубини дуэтін айқын басымдықпен жеңді — 6:1, 6:1. Небәрі 51 минутқа созылған кездесуде олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.
Осылайша, қазақстандық-ресейлік жұп турнир жеңімпазы атанып, жүлде қорын (40 000 АҚШ доллары) бөлісті.
Айта кетейік, бұған дейін де Жібек Құламбаева осы айда ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Үндістанның Аурангабад қаласында өткен ITF W15 турнирінде топ жарған болатын.