Жарнама
Жарнама

Қазақстанның бірінші ракеткасы Мадрид турнирін аяқтады

Редактор
Бүгін, 10:57

Бублик пен Циципас арасындағы жеке кездесулер есебі енді 3:0 болды

KTF

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан беделді ATP Masters 1000 Madrid турнирінің жекелей сынында жарыс жолынан шығып қалды.

Сегізінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымды өткізіп, екінші кезеңде грек спортшысы Стефанос Циципаспен күш сынасты. Матчта Бублик қарсыласына екі сетте жол берді – 2:6, 5:7.

Кездесу небәрі 1 сағат 15 минутқа созылды. Ойын барысында Бублик 2 эйс жасап, бірнеше қателікке бой алдырса, Циципас 10 эйспен көзге түсіп, шешуші сәттерде брейк-пойнттарды сәтті пайдаланды.

Осы жеңістен кейін грек теннисшісі үшінші айналымға жолдама алып, енді испаниялық Даниэль Мерида Агилармен кездеседі. Ал Бублик үшін жекелей сын аяқталғанымен, ол жарысты жұптық сында жалғастырады. Ол қазақстандық теннисші австралиялық Марк Полманспен бірге өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Бублик пен Циципас арасындағы жеке кездесулер есебі енді 3:0 болып, толықтай грек спортшысының пайдасына шешіліп отыр.

Реклама
Реклама