Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Мадридте жеңіліс тапты

Редактор
28.04.2026, 09:47

Отандасымыз аустриялық Анастасия Потаповаға есе жіберді

Gettysport

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі жорығын аяқтады.

Әлемнің екінші ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші төртінші айналымда аустриялық Анастасия Потаповамен кездесіп, екі сетте жеңіліп қалды — 6:7 (8:10), 4:6.

1 сағат 53 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 6 эйс жасап, 4 қос қате жіберді. Сондай-ақ ол 10 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдалана алды.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирмен қош айтысты. Дегенмен өткен маусыммен салыстырғанда нәтижесін жақсартқандықтан, рейтингтік ұпай қоржыны толықты.

Ал Потапова ширек финалға шығып, келесі кезеңде чехиялық Каролина Плишковамен күш сынасады.

Реклама
Реклама