Матчтан кейінгі сұхбатында ол тай-брейк кезіндегі ауыр сәттер туралы айтты
Аустрия атынан өнер көрсететін теннисші Анастасия Потапова Мадридте өткен WTA 1000 турнирінде қазақстандық Елена Рыбакинаға қарсы матчтағы қиын сәттері туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда Потапова әлемнің екінші ракеткасын 7:6 (10:8), 6:4 есебімен жеңген болатын.
Матчтан кейінгі сұхбатында ол тай-брейк кезіндегі ауыр сәттерді жасырмады.
«Бірінші сеттегі тай-брейкті қалай ұтқанымды өзім де түсінбеймін. Саусағымды сындырып ала жаздадым. Тіземді жарақаттап, қан кетті. Бірақ мұндай сәттерде бәрі рефлекс арқылы жүзеге асады. Не істеп жатқаныңды ойламайсың, жай ғана әрекет етесің. Денең өздігінен жұмыс істейді, ал ми мүлде “сөнеді”. Қуаныштымын, себебі артық ойлануға уақыт болған жоқ. Әрине, рейтингтегі үздік теннисшілердің бірін жеңгеніме қуаныштымын. Бірақ мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Уақыт өте келе сол деңгейге жақындай аламын деп үміттенемін», - деді Потапова.
Айта кетейік, Потапова ширек финалға шығып, келесі айналымда чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.