Жарнама
Жарнама

Заңғар Нұрланұлы Германиядағы ірі турнирді жеңіспен бастады

Редактор
Бүгін, 11:20

ITF Juniors J500 санатындағы беделді турнир саналады

ktf.kz

Германияның Оффенбах қаласында жасөспірімдер арасындағы ITF Juniors J500 санатындағы беделді турнир басталды. Халықаралық теннис күнтізбесінде бұл дода мәртебесі жағынан тек «Үлкен дулыға» жарыстарынан ғана төмен саналады. Сондықтан мұнда әлемнің ең мықты жас теннисшілері бас қосқан.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы турнирдегі басты фавориттердің бірі екенін алғашқы матчтан-ақ көрсетті. Жасөспірімдер рейтингінде 8-орында тұрған отандасымыз алғашқы айналымда аргентиналық Томас Редені (149 ITF Juniors) сенімді түрде жеңді – 6:4, 6:2. Енді Заңғар екінші кезеңде чехиялық Якуб Шмейцкимен (267 ITF Juniors) кездеседі.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Даниэль Тазабеков та жарысты сәтті бастады. Әлемдік рейтингте 77-сатыда тұрған теннисші Германия өкілі Нильс Мертгенсті (501 ITF Juniors) екі сет қорытындысы бойынша ұтты — 7:6 (7:5), 6:2. Оның келесі қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Оффенбахтағы турнир жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» додасына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Франция ашық чемпионаты 31 мамырда Парижде басталады.

Реклама
Реклама