Қазақстанның бірінші ракеткасы төртінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші кезеңде филиппиндік Александра Эаламен кортқа шықты. Екі сетке созылған кездесуде Рыбакина 6:4, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 32 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы алты эйс жасап, жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина Рим турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, жарыстың төртінші айналымына жолдама алды. Енді ол келесі кезеңде германиялық Лаура Зигемунд пен чехиялық Каролина Плишкова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Рыбакина 2023 жылы Римдегі беделді турнирдің чемпионы атанған. Ал өткен маусымда үшінші айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді.