Жарнама
Жарнама

Александр Бублик Рим турнирін үшінші айналымда аяқтады

Редактор
Бүгін, 10:54

Қазақстандық теннисші Рим турниріндегі жеке рекордын қайталады

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Римде өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирдегі жекелей сындағы өнерін аяқтады.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда америкалық Лернер Тьенмен кездескен еді. Үш сетке созылған тартысты матчта АҚШ өкілі камбэк жасап, 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 7 минутқа созылды.

Осылайша, қазақстандық теннисші Рим турниріндегі жеке рекордын қайталады. Ол бұл жарыста әлі күнге дейін үшінші айналымнан әрі аса алған емес. Былтыр Александр екінші кезеңде жарыс жолынан шыққан болатын. Сондықтан биылғы нәтиже оған рейтингтік ұпай қорын толықтыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Бублик Римдегі турнирдің жұптық сынына да қатысады. Ол аустралиялық Марк Полманспен бірге өнер көрсетеді. 11 мамыр күні қазақстандық-аустралиялық дуэт алғашқы айналымда монегаскалық Юго Нис бен франциялық Эдуар Роже-Васслен жұбына қарсы кортқа шығады.

Реклама
Реклама