Жарнама
Жарнама

Бүгін Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы қарсыласымен кездеседі

Редактор
25.05.2026, 15:12

Отандасымыз турнирге дайындығын бастады

William WEST / AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы матчы алдында кортқа келіп, турнирге дайындығын бастады.

Бүгін, 25 мамыр күні әлемнің екінші ракеткасы WTA рейтингінде 84-орында тұрған словениялық Вероника Эрьявецпен кездеседі. Бұл – теннисшілер арасындағы алғашқы ресми кездесу.

Аталған жұптың жеңімпазы екінші айналымда әлем рейтингінің 54-сатысындағы украиналық Юлия Стародубцевамен ойнайды.

«Ролан Гаррос» турнирінің баспасөз қызметі Рыбакинаның матч өтетін аренаға келген сәтінен видео жариялады. Жазбада «Қайырлы таң, Елена Рыбакина» деп жазылған.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші әзірге Франция ашық чемпионатында ширек финалдан аса алған жоқ.

Реклама
Реклама