Әлемнің бірінші ракеткасы Рыбакинамен жаттығып жүргенін атап өтті
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко қазіргі WTA турында теннисшілер арасындағы қарым-қатынастың өзгергенін айтып, Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакинамен бірге жаттығу жасау тәжірибесіне тоқталды.
Беларусь спортшысының айтуынша, бүгінде тур ойыншылары бір-бірімен жиі араласып, ірі турнирлер алдында ортақ жаттығу өткізуге ашық қарайтын болған.
«Қазір біз бір-бірімізге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы қараймыз. Көбірек араласамыз, бірге жиі жаттығамыз және ортақ дамуға ашықпыз. Сондықтан Швентек немесе Рыбакина секілді қарсыластармен бірге дайындалу бүгінде қалыпты тәжірибеге айналды», — деді Соболенко.
Айта кетейік, қазіргі таңда Арина Соболенко WTA рейтингінде бірінші орында тұр. Ал қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы саналады.
Екі теннисші де алдағы «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің басты фавориттерінің бірі ретінде қарастырылып отыр.