Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина әлемдегі ең әдемі теннисшілердің қатарына қосылды

Редактор
Бүгін, 10:43

Тізімде барлығы 15 теннисші көрсетілген

instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі ең әдемі теннисшілер тізіміне енді. Рейтингті SK басылымы жариялаған.

Тізімде барлығы 15 теннисші көрсетілген, ал қазақстандық спортшы 11-орынға жайғасты. Осылайша Рыбакина бұл рейтингке енген Қазақстанның жалғыз өкілі атанды.

Үздік үштікке бұрынғы ресейлік теннисші Анна Курникова, экс-бірінші ракетка Мария Шарапова және серб спортшысы Ана Иванович енді.

Тізімде сондай-ақ қазіргі және бұрынғы танымал теннис жұлдыздары – Эмма Радукану, Гарбинье Мугуруса, Каролина Возняцки және басқалар бар.

Айта кетейік, бұл рейтинг спортшылардың тек сырт келбетіне қатысты субъективті бағалау негізінде жасалған және спорттық жетістіктермен байланыстырылмайды.

Реклама
Реклама