Ол бразилиялық Леонарду Шторк Франкаға есе жіберді
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында бразилиялық Леонарду Шторк Франкаға есе жіберді.
17 жастағы қазақстандық спортшы матчты сәтті бастап, алғашқы сетте қарсыласынан басым түсті. Есеп 4:1 болған тұста брейк жасаған Нұрланұлы алғашқы партияны 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Екінші сетте де Зангар брейкпен алға шыққанымен, басымдықты сақтай алмады. Тай-брейкте бразилиялық теннисші 7:3 есебімен жеңіске жетіп, матч тағдырын шешуші сетке қалдырды.
Үшінші партияда Нұрланұлы 4:5 есебінде екі матчболды қайтарып, есепті теңестірді. Алайда кездесудің соңын сәтті өткізген Леонарду Шторк Франка 6:3, 6:7 (3:7), 5:7 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 53 минутқа созылды.
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы Париждегі турнирде сегізінші нөмірмен тіркелген болатын. Ол бұған дейін жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирлерінде екі мәрте жартылай финалға дейін жеткен.