Жарнама
Жарнама

Арина Соболенко ресейлік теннисшіден жеңіліп, «Ролан Гаррос» турнирін аяқтады

Редактор
Бүгін, 19:12

Белоруссиялық теннисші ширек финалда сүрінді

Getty Images

Әйелдер теннисі бойынша әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Франция ашық чемпионаты – «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында жарысты аяқтады.

Белоруссиялық теннисші жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Ресей өкілі Диана Шнайдерге жол берді. Кездесу 2 сағат 12 минутқа созылды.

Есеп: 6:3, 5:7, 0:6.

Соболенко матч барысында екінші сетте 4:1 есебімен алда тұрғанына қарамастан, басымдылығын сақтай алмады. Осыдан кейін ол қатарынан 10 рет жеңілді.

Диана Шнайдер өз мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жартылай финалда Шнайдер турнирдің тағы бір сенсациясы – Польша өкілі Майя Хвалинскамен кездеседі.

Реклама
Реклама