Уимблдон турнирінің негізгі кезеңі 29 маусымда басталады
Қазақстанның екі теннисшісі әйелдер арасындағы жұптық сында 2026 жылғы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында бір-біріне қарсы ойнайды.
Үшінші нөмірмен тіркелген Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұп құрып, қазақстандық Юлия Путинцева мен канадалық Лейла Фернандес тандеміне қарсы кортқа шығады.
Бұл кездесуде жеңіске жеткен жұп екінші айналымда Сорана Кырстя/Анна Калинская және Ангелина Калинина/Дарья Ястремская жұптарының жеңімпазымен кездеседі.
2026 жылғы Уимблдон турнирінің негізгі кезеңі 29 маусымда басталып, 12 шілдеге дейін жалғасады.