Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Уимблдонды жеңіспен бастады

Редактор
30.06.2026, 21:20

Қазақстандық теннисші франциялық Лоис Буассонмен кездесті

Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирін сәтті бастап, жарыстың екінші айналымына жолдама алды.

Лондондағы «Үлкен дулыға» турнирінің алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисші франциялық Лоис Буассонмен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

1 сағат 49 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы алғашқы сетті өз пайдасына шешкенімен, екінші партияда қарсыласына есе жіберді. Алайда шешуші сетте басымдық танытып, матчты жеңіспен аяқтады.

Екінші айналымда Рыбакина америкалық Кэти Макнэлли мен румыниялық Габриэла Русе арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Реклама
Реклама