Жарнама
Жарнама

Жәния Бекмұхамбетова Ташкентте чемпион атанды

Редактор
Бүгін, 13:18

Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды

ҰОК

Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.

Реклама
Реклама