WTA трансгендерлерге қатысты ережені түбегейлі өзгертті
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылар үшін биологиялық жынысты анықтайтын генетикалық тестілеуді міндетті етті.
Жаңа ережеге сәйкес, барлық ойыншы бір рет SRY геніне тексеруден өтеді. Бұл ген әдетте ер адамның биологиялық дамуына жауап береді. Тексеру ауыз қуысының жағындысы немесе қан талдауы арқылы жүргізіледі.
Егер тест нәтижесі оң болса, теннисші қосымша медициналық тексерістен өтеді.
Бұған дейін WTA-ның 2024 жылы жаңартылған ережесі бойынша, өзін әйел ретінде таныстыратын және жарысқа дейін кемінде екі жыл бойы тестостерон деңгейін белгіленген шектен төмен ұстап келген трансгендер әйелдерге турнирлерге қатысуға рұқсат етілетін.
WTA өкілдерінің мәліметінше, жаңа тексеріс 2026 жылдан бастап енгізіледі. Ұйым ойыншылардың жеке деректерінің құпиялығы толық сақталатынын және барлық рәсімнің құрметпен жүргізілетінін атап өтті.
Қазіргі уақытта WTA турында трансгендер әйел спортшылардың бар екені туралы ресми ақпарат жоқ.
Соңғы жылдары осындай генетикалық тексерістерді Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы мен Дүниежүзілік бокс федерациясы да енгізген. Ал наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиададағы әйелдер жарыстарына тек биологиялық жынысы арнайы тест арқылы расталған спортшылар ғана қатысатынын мәлімдеген.