Жарнама
Жарнама

Жібек Құламбаева Испаниядағы ірі турнирдің финалына шықты

Редактор
01.08.2026, 13:31

Қазақстандық теннисші Чехия өкілімен бірге финалға шықты

ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Гран-Канария аралындағы Маспаломас қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W100 сериясындағы турнирдің жұптық сынында финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Құламбаева чехиялық Анна Шишковамен жұп құрып, Португалия өкілдері Франсишка Жорже мен Матильда Жоржеден басым түсті. Екі сетке созылған тартысты кездесу тай-брейктермен аяқталып, 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебі тіркелді.

Матч 2 сағат 8 минутқа созылды. Бұл екі жұптың өзара алғашқы кездесуі болды.

Енді финалда Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова швециялық Лиза Заар мен чехиялық Доминика Салковаға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева – Қазақстанның жұптық сындағы ең табысты теннисшілерінің бірі. Оның қоржынында WTA 125 турнирінің бір чемпионы атағы және ITF World Tennis Tour сериясындағы 45 титул бар. Оның жетеуі жекелей сында жеңіп алынған. Ең ірі жетістігінің бірі – 2025 жылы словениялық Вероника Эрьявецпен бірге WTA 125 турнирінде чемпион атануы.

Реклама
Реклама