Жарнама
Жарнама

Жібек Құламбаева Испаниядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Редактор
01.08.2026, 22:14

Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады

ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Гран-Канария аралында өткен ITF W100 санатындағы турнирдің жұптық сынында чемпион атанды.

Құламбаева жарыста чехиялық Анна Шишковамен жұп құрды. Екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-чехиялық дуэт финалда чехиялық Доминика Салкова мен швециялық Лиза Заарға қарсы ойнады.

Финалдық кездесуде Құламбаева мен Шишкова екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 7:6 (7:3). 1 сағат 34 минутқа созылған матчтың қорытындысы бойынша олар турнирдің чемпиондық атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, W100 Gran Canaria-Maspalomas турнирі 27 шілде мен 2 тамыз аралығында ашық топырақ корттарында өтті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.

Реклама
Реклама