Жүлде қоры 1 085 220 АҚШ долларын құрайды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Торонто турниріндегі алғашқы қарсыласын анықтады.
Қазақстандық теннисші жарысты 1/32 финалдан бастайды. Бұл кезеңде ол Аустралия өкілі Дарья Касаткинамен кездеседі.
Касаткина алғашқы айналымда Қытай теннисшісі Ван Синьюйді тартысты матчта 1:6, 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңіп шықты. Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды.
Рыбакина мен Касаткина арасындағы матч 6 тамыз күні өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Торонтодағы WTA 1000 турнирінің чемпионы 1 085 220 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып, әлемдік рейтингке 1000 ұпай еншілейді.