Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакинаның US Open-дағы алғашқы қарсыласы анықталды

Редактор
27.08.2026, 22:30

Рыбакина үшін бұл матч жарақаттан кейінгі алғашқы маңызды сынақтардың бірі болмақ

© John Walton - PA Images / Contributor / PA Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды. Жеребе қорытындысы бойынша әлемнің екінші ракеткасы жарысты 17 жастағы америкалық Теа Фродинге қарсы матчпен бастайды.

Фродин WTA рейтингінде 580-орында тұр. Ол US Open-ның негізгі кезеңіне арнайы шақырту арқылы енген. Америкалық жас теннисші бұл мүмкіндікті 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы USTA ұлттық чемпионатындағы жеңісінің арқасында алған.

Рыбакина үшін бұл матч жарақаттан кейінгі алғашқы маңызды сынақтардың бірі болмақ. Бұған дейін ол Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінде сол жақ тобығынан жарақат алып, Ига Швентекке қарсы ширек финалды аяқтай алмаған еді. Соған қарамастан, қазақстандық теннисші Нью-Йоркке келіп, US Open-ға қатысу үшін дайындықты жалғастырып жатыр.

Жеребе Рыбакина үшін жалпы алғанда қызық бағыт ұсынды. Егер ол алғашқы айналымдардан сүрінбей өтсе, ширек финалда Ига Швентекпен қайта кездесуі мүмкін.

US Open-2026 негізгі кезеңі 30 тамызда басталып, 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Реклама
Реклама