Жарнама
Жарнама

Джокович US Open-де сенсациялық жеңілістен кейін көз жасына ерік берді

Редактор
Бүгін, 10:46

Денсаулығы сыр берген Джокович шешуші бесінші сетте эмоциясын тоқтата алмады

Getty Images

Әлемнің бесінші ракеткасы Новак Джокович АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында аргентиналық Мариано Навонеге күтпеген жерден жол берді.

Бес сетке созылған кездесу Навоненің пайдасына 7:6 (7:5), 5:7, 4:6, 6:2, 6:1 есебімен аяқталды. Тартысты матч 4 сағат 36 минутқа созылды.

39 жастағы сербиялық теннисші алғашқы сетте медициналық үзіліс алуға мәжбүр болды. Денсаулығы сыр берген Джокович шешуші бесінші сетте эмоциясын тоқтата алмай, көз жасына ерік берді. Соған қарамастан ол кездесуді соңына дейін жалғастырды.

Осылайша, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Бұл – Джоковичтің 2006 жылғы Australian Open турнирінен бергі «Үлкен дулығадағы» ең ерте жеңілісі.

Ал әлемдік рейтингте 49-орында тұрған Мариано Навоне екінші айналымға жолдама алды. Ол келесі кезеңде Маттео Берреттини мен Стэн Вавринка арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

Реклама
Реклама