Жарнама
Жарнама

Александр Бублик US Open турнирін жеңіспен бастады

Редактор
Бүгін, 11:49

Қазақстандық спортшы екінші айналымда хорватиялық Дино Прижмичпен кездеседі

© Jan Kruger / Stringer / Getty Images Sport

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы кезеңде америкалық Джей-Джей Вольфпен кездесіп, 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Бублик алғашқы екі сетте басымдық танытқанымен, үшінші партияда қарсыласына жол берді. Алайда төртінші сетте қайта қарқын қосып, кездесуді сенімді жеңіспен аяқтады.

Бұған дейін теннисшілер төрт рет кездесіп, оның үшеуінде Вольф жеңген еді. Ал олардың 2023 жылғы Уимблдондағы соңғы матчында Бублик басым түскен.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда хорватиялық Дино Прижмичпен кездеседі. Прижмич алғашқы кезеңде аргентиналық Тьяго Агустин Тирантені бес сетте жеңді.

Реклама
Реклама