Жарнама
Жарнама

Жәния Бекмұхамбетова Сингапур теннисшісін жеңіп, Словенияда чемпион атанды

Редактор
Бүгін, 13:00

Финалда ол Сингапур өкілі Хуан Кристалдан 3:1 есебімен басым түсті

ҰОК

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Жәния словениялық Эму Калужаны – 3:0, үндістандық Каавья Саринді – 3:0, сингапурлық Линь Цзяцзюньді – 3:0, хорватиялық Стелла Пресецкиді – 3:0, Ника Грегурецті – 3:0 және Петра Липовшчакты – 3:0 есебімен жеңді. Финалда ол Сингапур өкілі Хуан Кристалдан 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс жүлдегер атанған еді.

Реклама
Реклама