Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина US Open-ді жеңіспен бастады

Редактор
Бүгін, 07:53

Отандасымыз алғашқы айналымда америкалық Теа Фродинмен кездесті

Martin KEEP / AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open-2026 турнирін сенімді жеңіспен бастады.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда жарысқа арнайы шақырту алған америкалық Теа Фродинмен кездесті. Жаңбырға байланысты матчтың басталуы төрт сағатқа жуық уақытқа кешікті.

Бір сағат 14 минутқа созылған кездесуде Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Қазақстандық спортшы алты эйс жасап, үш қосарланған қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Сондай-ақ ол матч бойы өз геймін қарсыласына берген жоқ.

Екінші айналымда Рыбакина чехиялық Дарья Видманова мен испаниялық Джессика Бузас Манейро арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

US Open қорытындысы бойынша Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін. Қазіргі live-рейтингте қазақстандық теннисші көш бастап тұр, алайда ресми бірінші орын үшін оған турнирде кемінде жартылай финалға дейін жету қажет.

Реклама
Реклама