Енді украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы маусымның соңғы турнирі - АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында жеңіске жетті.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзінің 105-ракеткасы, испаниялық Джессика Бузас Манейромен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:2, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы жеті эйс жасап, төрт қосарланған қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
US Open турнирінің үшінші айналымында Елена әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.